Ереже

«Орал қаласы қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі — мемлекеттік орган туралы ЕРЕЖЕ

1. Жалпы  ережелер

1. «Орал қаласы қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі жергілікті  бюджеттің  орындалу және облыстық маңызы бар қаланың коммуналдық мүлкін басқару  салаларында мемлекет саясатын жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады. 

2. «Орал қаласы қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің  актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық  актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

3. «Орал қаласы қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.

4. «Орал қаласы қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.

5. «Орал қаласы қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.

6. «Орал қаласы қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен «Орал қаласы қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.

7. «Орал қаласы қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті  қолданыстағы  заңнамаға сәйкес бекітіледі.

8. Заңды тұлғаның орналасқан жері:  Батыс Қазақстан облысы, 090000, Орал  қаласы, Ж.Досмұхамедов атындағы көше, 45.

9. Мемлекеттік органның толық атауы - «Орал қаласы қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі.

10. Осы Ереже  «Орал қаласы қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің  құрылтай құжаты болып табылады.

11. «Орал қаласы қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.

12. «Орал қаласы қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесіне кәсіпкерлік субъектілерімен «Орал қаласы қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

Егер «Орал қаласы қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесіне заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.

2. Мемлекеттік органның миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері

13.  «Орал қаласы қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің  миссиясы:

Жергілікті бюджеттің  орындалу барысында және облыстық маңызы бар қаланың коммуналдық мүлкін  мемлекеттік басқару.

14. Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне,  «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» және «Мемлекеттік мүлік туралы» заңдарына сәйкес, міндеттері:

1) қалалық бюджет бөлігінің  атқарылуында мемлекеттік  саясатты қалыптастыруды  және жүзеге асыруды, қалалық коммуналдық меншікті басқаруды қамтамасыз ету;

2) жергілікті бюджеттің  атқарылуы мен облыстық маңызы бар қаланың коммуналдық мүлкін басқару сфераларында әдістемелік  жетекшілік  ету және саларалық үйлестікті табу;

3) мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорындарға шаруашылықты жүргізу құқығын немесе жедел басқаруға берілген мемлекеттің  коммуналдық мүліктерін тиімді пайдаланылуын қадағалау;

4) облыстық маңызы бар қаланың коммуналдық мүлкін жекешелендіруді ұйымдастыру.

15. Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 4, 5, 6 бөліміне,  «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» заңының 31 бабына және «Мемлекеттік мүлік туралы» заңының 18 бабына сәйкес, функциялары:

1) қалалық бюджеттің  атқарылуын  қамтамасыз ету;

2) қалалық бюджеттің бекітілуін  және өзгертулер мен толықтырулар енгізілген қаржыландырудың  және түсімдердің жиынтық жоспарын қамтамасыз ету;

3) қалалық бюджет қаражаты есебінен ұсынылатын бюджеттік  несиелердің мақсатты пайдаланылуын  бақылау және қамту, олардың есебін, кері қайтарымын және мониторингін қамтамасыз ету;

4) жергілікті атқарушы органы резервінің қаражатын пайдалануды талдау және есептеу;

5) бюджеттік  қаржылардың  игерілу  мониторингісін жүзеге асыру;

6) бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган белгілеген тәртіппен шоғырландырылған қаржылық есептілікті жасайды және бюджетті атқару жөніндегі оратлық уәкілетті органға шоғырландырылған қаржылық есептілікті ұсынады;

7) бюджеттік есепке алуды жүзеге асырады;

8) ай сайын және жыл қорытындылары бойынша бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органға Қазақстан Республикасы Бюджет кодексімен көзделген есептерді береді:

9) ай сайын есепті айдан кейінгі айдың бірінші күнгі жағдай бойынша қалалық әкімдікке, облыстың тексеру комиссиясына, қалалық мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органына, ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті органға қалалық бюджеттің атқарылуы туралы есеп береді;

10) есепті жылдан кейінгі жылдың 1 наурызынан кешіктірмей есепті қаржы жылындағы қалалық бюджеттің атқарылуы туралы жылдық есепті әкімдікке, қаланың мемлекеттік жоспарлау органына және ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті органға ұсынады;

11) өз құзыреті шегінде облыстық маңызы бар қаланың коммуналдық мүлкін басқару саласындағы қатынастарды реттейтін нормативтік құқықтық актілерді әзірлейді;

12) облыстық маңызы бар қаланың коммуналдық мүлкін басқарады, оны қорғау жөніндегі шараларды жүзеге асырады;

13) Қазақстан Республиқасының «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңының 10 бабымен көзделген жағдайларда және тәртіппен облыстық маңызы бар қаланың коммуналдық мүлкін облыстық, аудандық коммуналдық мүлкінің деңгейіне беру туралы шешім қабылдайды;

14) облыстық маңызы бар қаланың коммуналдық мүлкін жекешелендіруді жүзеге асырады, оның ішінде жекешелендіру процесін ұйымдастыру үшін делдалды тартады, жекешелендіру объектісін бағалауды қамтамасыз етеді, жекешелендіру объектісінің сатып алу-сату шарттарын әзірлеу мен жасасуды және сатып алу-сату шарттары талаптарының сақталуын бақылауды жүзеге асырады, сондай-ақ, «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес облыстық маңызы бар қаланың коммуналдық мүлкін жекешелендіру бойынша сауда-саттық өткізу туралы хабарламаны жариялау үшін мерзімді баспа басылымын айқындау жөнінде конкурс өткізеді;

15)  облыстық маңызы бар қаланың коммуналдық мүлкін облыстық маңызы бар қаланың коммуналдық заңды тұлғаларға бекітіп береді;

16) облыстық маңызы бар қаланың мемлекеттік кәсіпорындарының және мемлекеттік мекемелерінің мүлкін есептен шығаруға келісім береді;

17) облыстық маңызы бар қаланың коммуналдық мүлкін пайдалану, оның ішінде оны кепілге, мүліктік жалдауға (жалға алуға), өтеусіз пайдалануға және сенімгерлікпен басқаруға беру туралы шешімдер қабылдайды;

18) коммуналдық меншікке айналдырылған (түскен), Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен иесі жоқ деп танылған, мемлекетке мұрагерлік құқығы бойынша өткен облыстық маңызы бар қаланың коммуналдық мүліктің, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен коммуналдық меншікке өтеусіз өткізілген иесіз қалған мүліктің, олжаның, қараусыз қалған жануарлардың, құрамында мәдени құндылықтарға жататын зат жоқ көмбелердің үлестерін есепке алуды, сақтауды, бағалауды және одан әрі пайдалануды ұйымдастырады;

19) облыстық маңызы бар қаланың коммуналдық мүлкін жеке тұлғаларға және мемлекеттік емес заңды тұлғаларға кейіннен сатып алу құқығынсыз, шағын кәсіпкерлік субъектілерінің меншігіне кейіннен сатып алу құқығымен немесе кейіннен меншігіне өтеусіз негізде беру құқығымен мүліктік жалдауға (жалға алуға), сенімгерлікпен басқаруға береді;

20) сенімгерлікпен басқарушының облыстық маңызы бар қаланың коммуналдық мүлкін сенімгерлікпен басқару шарты бойынша міндеттемелерді орындауын бақылауды жүзеге асырады;

21) аудандық (қалалық) коммуналдық мүліктің,  оның ішінде облыстық маңызы бар қаланың мемлекеттік кәсіпорындарының және мемлекет қатысатын заңды тұлғалардың басқару тиімділігінің мониторингін  жүргізілуін ұйымдастырады;

22) Өзіне Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен жүктелген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

16. Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне,  «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» және «Мемлекеттік мүлік туралы» заңдарына сәйкес, құқықтары мен міндеттері:

1) «Орал қаласы қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі өзіне жүктелген кейбір қызметтерді жүзеге асыру үшін мемлекеттік органдардан, өзге де мекемелер мен жеке тұлғалардан  ақпарат сұрауға және алуға;

2) қалалық бюджеттен қаржыландырылатын  атқарушы органдардан қаржыландыру  жоспарының  атқарылуы  туралы ай сайынғы есепті алуға;

3) бекітілген қалалық бюджеттің  орындалуындағы  бюджеттік бағдарламалардың  (кіші бағдарламалар) мақсаттылық және тиімді орындалу барысындағы Қазақстан Республикасы заңдылықтар  талабының  бұзылу себептеріне баға беру;

4) облыстық маңызы бар қаланың коммуналдық мүлік объектілері заңды және жеке тұлғаларға жалға, кепілге, лизингке немесе сенімді басқаруға берілгенде, оларға қойылатын талаптар мен міндеттердің сипатын анықтап, шарттар жасауға;

5) өзінің құзыры шеңберінде мемлекеттің  қатысуымен құрылған заңды тұлғалардың  құрылуына, қайта  құрылуына және жойылуына қатысты мәселелерге ұсыныстар жасауға;

6) өз құзыреті шеңберінде облыстық маңызы бар қаланың мүлкінің есебінде тұрған жекешелендіруге жататын объектілерді сату алды шараларын жүргізуге, аукциондар, тендерлерді ұйымдастыру және өткізуге, жекешелендіруден кейінгі бақылауды жүргізуге, облыстық маңызы бар қаланың мүлкін басқару тиімділігіне мониторинг жүргізу бойынша шығындарын қаржыландыру үшін жергілікті бюджет есебінен қаралған қаражатты пайдалануға;   

7) мемлекеттің үлесі бар заңды тұлғалардан, жергілікті мемлекеттік органдардан облыстық маңызы бар қаланың коммуналдық мүлкін пайдалануына қатысты қаржылық және басқа да қажетті құжаттарды, ақпараттарды талап етуге;

8) облыстық маңызы бар қаланың коммуналдық мүлкін басқаруға қатысты заң бұзушылық  әрекеттер жөнінде және басқа да мемлекеттік меншіктерді талан-таражға салу, заң бұзушылық  деректері бойынша материалдарды  тергеу органдарына жіберуге;

9) заңнамада көзделген басқа да құқықтарға ие болуға.

3. Мемлекеттік органның қызметін ұйымдастыру

17.  «Орал қаласы қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшылықты «Орал қаласы қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын  басшысы жүзеге асырады.

18. «Орал қаласы қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысын Орал қаласы әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.

19. «Орал қаласы қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы  Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасары болады. Орынбасарлардың саны бекітілген тәртіпте «Орал қаласы қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің құрылымына қатысты анықталады.

20. «Орал қаласы қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі басшысының өкілеттігі:

1) «Орал қаласы қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесіне басшылық етумен қатар «Орал қаласы қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің қызметтерін жүзеге асырады, ұйымдастырады;

2) «Орал қаласы қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесіне  сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жұмыстарының жай-күйіне дербес жауапты болады;

3) «Орал қаласы қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерінің және өзінің орынбасарының өкілеттігін және міндеттемелерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес белгілейді;

4) «Орал қаласы қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерін заңнамаға сәйкес лауазымдарға тағайындайды  және лауазымдарынан босатады;

5) «Орал қаласы қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің қызметкерлеріне бекітілген заңдылықтар тәртібінде  тәртіпті сөгісті ретке келтіреді;

6) «Орал қаласы қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бұйрықтарына қол қояды;

7) «Орал қаласы қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі әрекет ететін  заңнамаға сәйкес, мемлекеттік органдар мен  өзге де мекемелер  өкілетті.

«Орал қаласы қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.

21. «Орал қаласы қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесімен қабылданған шешім, басшысының  немесе оның міндетін атқарушы тұлғаның бұйрығымен жасалады.

4. Мемлекеттік органның мүлкі

22. «Орал қаласы қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару  құқығында оқшауланған мүлкі болу мүмкін.

«Орал қаласы қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған  мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де  көздер есебінен қалыптастырылады.

23. «Орал қаласы қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің  бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.

24. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, «Орал қаласы қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі, өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату

25. «Орал қаласы қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.