Есептілік

«Қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 2019 жылғы 1 маусым айына атқарылған жұмыстары жөніндегі ақпараты

Бюджеттің орындалуын ұйымдастыру секторы

Негізгі міндеті – қала бюджетінің атқарылуы бойынша жұмыстарды орындау және ұйымдастыру.

1. Қала бюджетiнiң атқарылуы жөнiндегi жұмысты ұйымдастырады, соның ішінде жоғары бюджеттен бөлінген нысаналы трансферттердің орындалуына бақылау жүргізеді.

2. Қаланың бюджетiне түсетiн түсiмдердi болжауға қатысады.

3. Қала бюджетi түсiмдерiнiң және төлемдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарларына, міндеттемелер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарларына өзгерiстердi әзiрлейдi, бекiтедi және енгiзедi.

2019 жылдың 1 маусымына шығыстар бойынша жоспар 22 582 192,3 мың теңге, орындалуы 21 959 574,4 мың теңге, немесе 97,2%. Бюджеттік түсімдердің жоспары мен қаржыландыруына 154 өзгеріс енгізілді, соның ішінде: қаулылармен - 10, сессия шешімімен- 21, бюджеттік бағдарлама әкімшілерімен үсынған өтініштер бойынша – 123 өзгеріс енгізілді.

4. ІV деңгейдегі бюджеттің төлемдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарларына, міндеттемелер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарларына өзгерiстердi енгізеді.

5. Қала бюджетi мен ІV деңгейдегі бюджетінің атқарылу мониторингісiн жүзеге асырады. Ай сайын бюджеттік бағдарлама әкімшілеріне есепті уақытқа қалалық бюджеттен бөлінген қаражаттың игерілмегені жөнінде ақпараттар жібереді.

6. Ай сайын бюджеттік бағдарлама әкімшілері мен ІV деңгейдегі бюджетке бөлінген қаржыны уақытында орындалуы туралы ақпараттар жібереді.

7. Бюджеттік бағдарлама әкімшілерімен, соның ішінде ІV деңгейдегі бюджетінің, игерілмеген қаржы жөнінде, және де игерілмеген нысаналы трансферттер жөнінде есеп ұсынады.

8. Әрбір бюджеттік бағдарламалардың және ІV деңгейдегі бюджетінің кассалық шығындарының есебін қамтамасыз етеді.

Жергілікті бюджеттің жиынтық есебін құрастыру секторы

Сектор мақсаты – бюджеттік есепті жүргізуді ұйымдастыру, шоғырландырылған қаржылық есептілік және қала бюджетін орындаудың бюджеттік есептілігін құрастыру.

1. Қала бюджетін орындау бойынша ай сайынғы жинақ есептілігін ББӘ ұсынған есептер негізінде құрастыру, әкімшіліктердің саны 2019 жылдың 1 маусымына 22 құрады.

2. Кейіннен жоғары тұрған уәкілетті органға ұсыну үшін ай сайынғы кредиторлық және дебиторлық берешектердің ақпараттық есебін құрастыру.

3. Е-Минфин порталына дебиторлық және кредиторлық берешектерді ББӘ қимасында тоқсан сайын құрастыру және тапсыру. 2019 жылдың 5 ай ішіндегі дебиторлық берешегінің жалпы сомасы – 75 039,5 мың тенге, 2018 жылдың 5 ай ішіндегі – 131 954,4 мың тенге құрады. Тиісінше кредиторлық берешек 2019 жылдың 5 ай ішінде 431 174,9 мың.тенге, 2018 жылдың 5 ай бойынша 81 594,2 мың тенге.

4. Күнделікті ҚБШ-да мекемелер бойынша түсіндірмесімен бірге қолма-қол қаражаттардың бюджеттік есепке алуын жүргізу.

Бюджетті орындау үшін жергілікті бюджетті уәкілетті органның шоғырландырылған қаржылық есептілігін әрмен қарай құрастыру үшін, сектормен жыл сайын бюджеттік бағдарламалар әкімшіліктерімен ұсынылған шоғырландырылған қаржылық есептіліктері қабылданып салыстырылады.

Белгіленген мерзімге шоғырландырылған қаржылық есептілікті жоғары тұрған уәкілетті органға қағазға басылған және «Е-Минфин» жүйесінде қаржылық есеп түрінде тапсыру.

Коммуналдық меншікті басқару секторы

Сектордың негізгі мақсаты – қалалық коммуналдық меншікті басқару, қорғау, мемлекеттік меншіктің тиімді және дұрыс пайдалануы бойынша жұмыстар жүргізу.

Орал қаласының коммуналдық меншігінде тұрған:

95 әрекет етіп тұрған мүлікті коммуналдық меншік нысанын мүліктік жалға (жалдауға) беру шарттары жасақталды, жыл басынан 109 шарт жасақталды;

Коммуналдық мүлікті жалға беруден жыл басынан бюджетке түскен сомма – 27 915,1 мың теңгені құрайды. Жалға беру нысандары – құрал-жабдықтарымен мектеп асханалары, электр желілер бағаналары, үй-жайдың бір бөліктері, шатырдың бір бөліктері т.б.

29 әрекет етіп тұрған сенімгерлікпен басқару сатып алу құқығынсыз келісім–шарттары жасақталды, жыл басынан 5 шарт жасақталды. Сенімгерлік басқаруға беру нысандары – зират, қаланың жаяу жүргіншілерге арналған өткелі, «Батыс Су Арнасы» ЖШС 100% жарғылық капиталындағы мемлекеттік үлесі, КТП, қатты - тұрмыстық қалдықтар полигоны, электрқуатын тасымалдау желісі, газбен және жылумен жабдықтау желілері.

Жыл басынан 9 өтеусіз пайдалануға келісім–шарттары жасалынды. Өтеусіз пайдалану нысандары – ғимараттар, үй-жайлар.

Сектор тарапынан коммуналдық мүлік жөнінде, яғни коммуналдық мүлік есебіне қабылдау, теңгерімге бекіту, жалға беру, өзгерістер енгізу, күшін жою т.б. сұрақтар бойынша 192 бұйрық дайындалып шығарылды, бақылауға алынды.

Қала аумағында мемлекеттік мүлік реестрі бойынша:

1) мемлекеттік мекемелер (ММ) - 23;

2) коммуналдық мемлекеттік мекемелер (КММ) – 60;

3) мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорындар (МКҚК) - 64;

4) мемлекеттік коммуналдық кәсіорындар (МКК) - 2;

5) жауапкершілігі шектеулі серіктестер (ЖШС) - 2;

6) акцинерлік қоғам - 1 ресми түрде тіркелген.

Орал қаласының коммуналдық меншігіне 33 дана мүлік қабылданды, соның ішінде:

- пәтерлер – 9;

- ғимараттар – 1;

- нысандар – 23;

Орал қаласының коммуналдық меншігіне республикалық деңгейінен 5 дана мүлік қабылданды, соның ішінде:

- ғимараттар – 1;

- пәтерлер – 4;

Орал қаласының коммуналдық меншігіне облыстық деңгейінен 42 дана мүлік қабылданды, соның ішінде:

- ғимараттар – 1;

- нысандар – 1;

- басқа құралдар – 36

- пәтерлер – 4

Мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорындарға бекітілген мүліктерді теңгерімінен теңгерімге 2333 дана мүлік берілді, соның ішінде:

- автокөліктер – 3;

- ғимараттар – 1;

- нысандар – 1239;

- басқада құралдар – 1088;

- Жобалық сметалық құжаттама – 2.

Мемлекеттік коммуналдық кәсіпорындар мен мекемелерге бекітілген мүліктерді есептен шығаруға рұқсат берілді, соның ішінде:

- негізгі құралдар – 746 дана;

- кітапхана қоры – 55 612 дана.